Тәуелсіздік — 30
Галина жатқа айтқан жыр. . .
Байқау
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізілген «Мен қазақша сөйлеймін» атты республикалық байқауда алғалық Галина Кочеткова 1-орын алды.
Галина — Алға қаласындағы №4 орта мектептің психологі, неміс диаспорасының өкілі. Байқауда ол туған ел, туған жер тақырыбындағы жырлардан үзінділер, М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін қазақ тілінде жатқа оқыды.
Галина — Алға аудандық тілдерді оқыту курсының тыңдаушысы. Байқауға ол курстың оқытушы-әдіскері Бақыт Ерғалиеваның жетекшілігімен әзірленді.
А.САРЫБАЙ.